IPO/SPO-ға
Tabys арқылы қатыс

logo

Жақында облигацияларға жазылым

Сатылым бағасы

TBA

Өтінім беру уақыты

жақындаскоро
image
Өтінім беру
image
image
image

IPO/SPO-ға арналған халықтық қосымша

IPO/SPO-ға арналған халықтық қосымша

IPO/SPO-ға арналған халықтық қосымша

image
image

IPO/SPO — бұл компаниялар акцияларын инвесторлар үшін жария орналастыру.

Қалай бастаймын?

TABYS қосымшасындағы
тікелей жазылым арқылы

Тікелей жазылым — бұл акцияларды орналастыру кезінде оларды эмитенттен/акционерден делдалдарсыз (брокерсіз немесе андеррайтерсіз) тікелей сатып алу туралы шарт жасасу.

Тікелей жазылым құралы Astana International Exchange биржасының қолдауымен әзірленген Tabys мобильді қолданбасы арқылы барлық қазақстандықтарға қолжетімді.

Тікелей жазылым функциясы сен
үшін тиімді, егер:

• Құнды қағаздарды ұзақ мерзімге алмақ болсаң; • Брокерлік шот ашуға үлгермей жатсаң; • Брокерлік шотты кейінірек ашпақ ойың болса.

Телефон.
Глянцевая сфера.

Регистрация.

Id карта.
Банковская карта.
скриншот приложения.
скриншот приложения.

Саған керегі тек:

  1. 1

    Жеке куәлік

  2. 2

    Банк картасы

  3. 3

    Интернет қолжетімді
    смартфон

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

1-қадам

Tabys қосымшасын жүктеп, орнат

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

2-қадам

Негізгі беттегі IPO/SPO баннеріне басып, онлайн тіркеуден өт

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

3-қадам

“Өтінімді рәсімдеу” батырмасын бас

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

4-қадам

Тізімнен IPO/SPO таңдап, ақпаратпен мұқият таныс және “Өтінім беру” батырмасын бас

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

5-қадам

Қажетті деректерді енгізіп, «Өтінімді жіберу» батырмасын бас

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

6-қадам

Өтінімді растап, орындалуын күт. IPO/SPO жазылым бойынша барлық өтінімдер «IPO/SPO өтінімдері» бөлімінде орналасқан.

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

7-қадам

Өтінім расталғаннан кейін, банк картасынан төлем алынатын болады. Қаражаттың бір бөлігі өтінім толықтай қанағаттандырылмаған жағдайда қайтарылады. Tabys мәміле үшін комиссия алмайды, дегенмен банк транзакция үшін комиссия алуы ықтимал. Мөлшерін банктен анықтап біл.

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

8-қадам

IPO/SPO күні құнды қағаздар IPO/SPO негізгі экранында пайда болады (эмитент өтінімді толықтай немесе бір бөлігін қанағаттандырған жағдайда).

Не істеу қажет?

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.

9-қадам

Болашақта акцияларды сату үшін AIX биржасында аккредитациядан өткен брокерлерден шот ашуың керек.

Не істеу қажет?

  • 1-қадам

    Tabys қосымшасын жүктеп, орнат

  • 2-қадам

    Негізгі беттегі IPO/SPO баннеріне басып, онлайн тіркеуден өт

  • 3-қадам

    “Өтінімді рәсімдеу” батырмасын бас

  • 4-қадам

    Тізімнен IPO/SPO таңдап, ақпаратпен мұқият таныс және “Өтінім беру” батырмасын бас

  • 5-қадам

    Қажетті деректерді енгізіп, «Өтінімді жіберу» батырмасын бас

  • 6-қадам

    Өтінімді растап, орындалуын күт. IPO/SPO жазылым бойынша барлық өтінімдер «IPO/SPO өтінімдері» бөлімінде орналасқан.

  • 7-қадам

    Өтінім расталғаннан кейін, банк картасынан төлем алынатын болады. Қаражаттың бір бөлігі өтінім толықтай қанағаттандырылмаған жағдайда қайтарылады. Tabys мәміле үшін комиссия алмайды, дегенмен банк транзакция үшін комиссия алуы ықтимал. Мөлшерін банктен анықтап біл.

  • 8-қадам

    IPO/SPO күні құнды қағаздар IPO/SPO негізгі экранында пайда болады (эмитент өтінімді толықтай немесе бір бөлігін қанағаттандырған жағдайда).

  • 9-қадам

    Болашақта акцияларды сату үшін AIX биржасында аккредитациядан өткен брокерлерден шот ашуың керек.

Глянцевая сфера.
Рамка телефона.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.
Скриншот приложения Tabys Инвестиции.

IPO/SPO-ға қатысудың
3 тәсілі

«Қазпошта» арқылы

logo
  • Кәсіби операторлар
  • Қазақстан бойынша 1000-нан астам бөлімше

Қосымша арқылы

logo
  • Онлайн
  • Тәулік бойы 24/7

Брокерлер арқылы

logo
  • AIX биржасының аккредитациясынан өткен
  • 30 сауда мүшелері

FAQ

  • Жалпы IPO/SPO туралы ақпарат

    • Қазақстандық компаниялардың ІРО/SPO-сына қатысу бөлшек сауда инвесторына қандай жаңа мүмкіндіктер береді және қанша пайда табуға болады? 

      Қазақстандық компаниялардың ІРО/SPO-сының мақсаты – еліміздің аса ірі ұлттық компанияларының жарғылық капиталына қатысу арқылы олардың ортақ иеленушісіне айналу, сондықтан бағалы қағаздарын жариялауға барынша сенімді эмитенттер – тұрақты монополистер таңдалған. Олардың ірі қаржыны айналымда ұстауға және дивидендтер төлеуге мүмкіндіктері бар. Дегенмен, ІРО/SPO-ның сәтті өтеріне ешкім кепілдік бере алмайды.  Қанша пайда алуға болатынын ешкім алдын ала анықтай алмайды. Акциялардың құны бір жылдан кейін, немесе тіпті бір айдан кейін қандай боларын, болашақта компания қандай мөлшерде дивиденд төлейтінін болжау қиын.

    • IPO/SPO Қазақстан азаматтарына қандай мүмкіндік береді?

      IPO/SPO беретін мүмкіндіктер:
      • еліміздің аса ірі компанияларының акцияларын сатып алу
      • акционерлердің Жалпы жиналысында дауыс беру жолымен аталған компанияларды басқаруға қатысу
      • олардың пайдаларының бір бөлігін дивидендтер түрінде алып отыру
      • акциялардың құны өсуінен пайда табу 
      • инвестицияларын әртараптандырып, портфельдерін диверсификациялау
      • қаржылық сауаттылықты арттыру

  • Tabys туралы сұрақтар

    • Tabys брокер болып табыла ма? 

      Жоқ, брокер емес. 

    • Сіздің қосымшаңыз қаншалықты қауіпсіз? Сіз картаның CVV кодын неліктен сұрайсыз? 

      Сіздің деректеріңіз қауіпсіз. Біз сіздің банк картаңыздың деректерін сақтамаймыз – бұл деректер Visa және MasterCard арқылы қорғалатын процессинг орталығында сақталады. Сіз банк картаңыздың деректерін енгізген кезде, біз оларды көрмейміз, өйткені ақпарат автоматты түрде процессинг орталығына беріледі.  Сіздің картаңыздан ақшаны есептен шығару (есептен біз емес, процессинг орталығы шығарады) сіздің сатып алу жөніндегі өтініміңіз орындалған кезде ғана жүргізіледі. 

    • Тіркелу кезінде шетелдік банк картасын пайдалануға бола ма? 

      Сіз тек қазақстандық банктер шығарған өз атыңыздағы карталарды ғана пайдалана аласыз. 

    • ІРО/SPO-ға Tabys арқылы қатысу брокерлер арқылы инвестициялардан несімен артық? 

      Егер сізге брокермен шарт жасасу қиын болса немесе брокерлік шотқа банк картасынан ақша аударылуын бірнеше күн күтуге сіздің уақытыңыз жоқ болса, банк картасымен төлеп,  акцияларды бірден қосымша арқылы сатып алуға, ал кейінірек брокерлік шотқа аударуыңызға болады.  Тікелей жазылым өз өтінімін беруге/брокерде шот ашуға мерзімінде үлгермегендердің де қажетіне жарайды. Бұл ІРО/SPO-ға қатысудың ең қарапайым және тез құралы. 

    • Сіздер ұзақмерзімді инвестицияларға шақырасыздар. Бұл қосымшаның 3-5-10 жыл жұмыс істейтіндігіне кепіл қайда? 

      АХҚО – ҚР Президенті анықтайтын дәл белгіленген шекаралары бар және онда қаржылық салада ерекше құқықтық режим қолданылатын аумақ. АХҚО «Халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңымен (бұдан әрі – «Коснтитуциялық заң») реттелетін ерекше құқықтық мәртебеге ие. АХҚО-ның қолданыстағы құқығы ҚР Конституциясына негізделеді және келесілерден тұрады: 
      1) Конституциялық заң; 
      2) АХҚО-ның Конституциялық заңға қайшы келмейтін, Англия және Уэльстің қағидаттарына, нормалары мен прецеденттеріне және (немесе) әлемнің жетекші қаржылық орталықтарының АХҚО органдары қабылдайтын стандарттарына негізделе алатын актілері;
      3) Конституциялық заңмен және АХҚО актілерімен реттелмеген бөлігінде қолданылатын ҚР қолданыстағы  құқығы.  Бұл орайда қосымшаны пайдаланумен, сонымен қатар кастодиандық шот ашумен және бағалы қағаздарды AIX CSD-да сақтаумен байланысты туындайтын қарым-қатынастарға қолданылатын АХҚО құқығы құқық нормалары мен қорғау механизмдерін қамтиды. Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (AFSA) АХҚО-ның қаржылық нарықтарында инвесторлардың мүдделерін қорғайтын орган ретінде болады. 
      Сонымен бірге, қосымшаның эмитенттен немесе сатушы акционерден бағалы қағаздар сатып алумен байланысты туындайтын жұмысына тәуелсіз, акционерлердің (инвесторлардың) құқықтары ҚР құқығымен реттеледі және қорғалады.   Тиісінше, сатылып алынған бағалы қағаздарға меншік құқығы мерзімді болып табылмайды және бұл жағдайда бағалы қағаздар сатып алу процесін тек жеңілдететін қосымшаның жұмысына тәуелді емес.  

    • Tabys-та неліктен лицензия жоқ? 

      Tabys қосымшасы эмитент пен инвестор арасындағы байланыс құралы болып табылады және инвесторлардың бағалы қағаздарды тікелей эмитенттен сатып алуына мүмкіндік береді. Эмиссиялық қызмет лицензияланатын қызмет болып табылмайды, бірақ эмитентер бағалы қағаздарды орналастыру және бағалы қағаздар нарығында ақпаратты ашу қағидаларын сақтаулары тиіс.   

    • Tabys пен AIX арасында қандай байланыс бар? Биржа Tabys үшін кепілдік береді ме? 

      AIX бұл қосымшаны іске әсіру идеясын ұсынып, бастаған.Оның басты мақсаты – қор нарығындағы бөлшек  инвесторлар санын арттыру, олардың  жинақтарын сақтау және көбейтуге кеңірек мүмкіндіктер беру  AIX инвесторларға арналған қосымшаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, алайда биржалық құралдар бойынша кіріске  кепілдік бермейді. Tabys қосымшасын пайдалану құқығы эмитент пен инвесторларға тікелей жазылымды жүзеге асыру үшін беріледі, яғни қосымша осы екі тараптарды байланыстырушы алаң болып табылады. АІХ бұған қатысы жоқ, сондықтан бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша инвестордың алдында эмитент жауапты және эмитенттің бағалы қағаздарына инвестициялаумен байланысты қатерлер эмитенттің бағалы қағаздар шығарымының проспектісінде толықтай жазылған болуы тиіс.  Сонымен, Tabys арқылы тікелей жазылымды іске асыру барысында инвесторда туындайтын қарым-қатынастарды ескере отырып, қосымшаны пайдалану шарттары, сол сияқты AIX CSD-да кастодиандық шот ашу мен бағалы қағаздарды сақтау АХҚО құқығы бойынша жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды АІХ инфрақұрылымы арқылы ұсыну сонымен қатар АХҚО құқығымен шығарылым проспектісінің шарттарына сәйкес реттеледі.  Бұл ретте бағалы қағаздар сатып алумен байланысты өзге де, соның ішінде инвесторлардың (акционерлердің) сатып алумен байланысты туындайтын құқықтары бойынша сұрақтар ҚР тиісті заңнамасымен реттеледі («Акционерлік қоғамдар туралы» ҚРЗ, ҚР Азаматтық кодексі). 

  • Tabys арқылы тікелей жазылым

    • Тікелей жазылым дегеніміз не? Акцияларды әдеттегі сатып алудан айырмашылығы неде?

      Тікелей жазылым – бұл акцияларды бастапқы (IPO) немесе қайта орналастыруға (SPO) қатысу тәсілі, мұнда инвестор акциялар сатып алу жөніндегі өз өтінімін ІРО/SPO өткізу кезеңінде тікелей компанияға береді. Бұл кезеңде компания/сатушы акционер барлық өтінімдерді жинайды да, өтінім жинау кезеңі аяқталған соң өтінімдерді қанағаттандырудың критерийлерін анықтайды. Қанағаттандырылатын өтінімдер бойынша компанияның акциялары инвестордың брокерде немесе кастодианда ашылған шотына аударылады, ал компания/сатушы акционер қаражатын алады. Қанағаттандырылмаған (немесе ішінара қанағаттандырылған) өтінімдер бойынша қаражат (өтінім ішінара қанағаттандырылған жағдайда ақша қаражатының қалдығы) инвесторға қайтарылады.  Акцияларды әдеттегі сатып алудан тікелей жазылымның өзгешелігі - тікелей жазылым ІРО/SPO барысында (акцияларды орналастырғанда/бұрыннан бар акцияларды инвесторлардың ауқымды тобына сатқанда), ал акцияларды биржада әдеттегі сатып алу бұрыннан саудаланудағы акцияларға қатысты жүргізіледі.  

    • Тікелей жазылым құралы арқылы қандай акциялар сату жоспарланған? 

      Тікелей жазылым құралы ІРО/SPO үшін қолданылатын болады. Сонымен қатар бұл құралды акцияларды жеке орналастыру үшін инвесторлардың шектеулі/дәл анықталған тобы арасында; мысалы, компанияның/сатушы акционердің қызметкерлері немесе клиенттері арасында немесе борыштық бағалы қағаздарды орналастырған кезде пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл құрал кез келген компаниялар үшін - квазимемлекеттік/ұлттық компаниялар үшін де, сол сияқты жеке  компаниялар үшін де қолжетімді болады.

    • Брокерлер арқылы өтінім берілетін әдеттегі тәсілден тікелей жазылымның айырмашылығы неде?

      Кез келген инвестор өтінімді Tabys мобильді қосымшасында/Қазпошта кеңсесінде тікелей жазылым құралы арқылы да, сол сияқты үйреншікті тәсілмен – АІХ-тің сауда мүшелері болып табылатын брокерлер арқылы да бере алады. Бұл құрал көбінде әзірге ресми инвесторлар және брокерлік компаниялардың клиенттері қатарына еніп үлгермеген  әрі  , бірақ қор нарығында инвестициялауды бастағысы келетін адамдарға бағытталған. Оның үстіне, АІХ тікелей жазылымды пайдаланған инвесторлар бағалы қағаздар нарығында толыққанды саудалау үшін келешекте брокерлердің клиенттеріне айналады деп сенім артады.  Тікелей жазылым құралы сен үшін қолайлы, егер сен:
      • Құнды қағаздарды ұзақ уақыт ұстауды жоспарласаң;
      • Брокерлік шот ашуға үлгермей жатсаң;
      • Брокерлік шотты кейінірек ашуды жоспарласаң.

    • Мен қандай комиссиялар төлеймін? 

      Тікелей жазылым кезінде инвесторлардан алынатын комиссиялар мәселесін компания/сатушы акционер шешеді. Егер компания/сатушы акционер бөлшек сауда инвесторлары үшін комиссияларды төлеуге әзір болмаса, онда бұл жағдайда ІРО/SPO-ға қатысуға өтінім бергенде инвестор тек банктің немесе «Қазпоштаның» комиссиясын ғана төлейді.   Tabys қосымшасы IPO/SPO кезіндегі мәміле үшін комиссия алмайды, бірақ банк транзакция үшін төлем алуы мүмкін. Комиссия мөлшерін банктен анықтау қажет.

    • Мен бірнеше өтінім беруіме бола ма? Өтінім берілгеннен кейін оның күшін жоюға бола ма? Өтінімімнің қанағаттандырылғанын мен қалай білемін? Егер менің өтінімім қанағаттандырылмаса немесе ішінара қанағаттандырылса, менің ақшаларымның жайы не болады? 

      Компания/сатушы акционер бір қолға берілетін акциялар санына шектеу қоя алады. Бұл туралы ІРО/SPO-ға қатысуға өтінімдер жинау басталардан бұрын хабарланатын болады.  Кез келген өтінімнің күшін акцияларды бөлу туралы шешім қабылданған сәтке дейін жоюға болады. Бұдан кейін өтінімнің күшін жоюға болмайды.  Сіздің жазылым жөніндегі өтініміңіздің жайын Tabys мобильді қосымшасынан немесе Қазпоштаның сіз өтінім рәсімдеген бөлімшесіне жүгініп, кез келген уақытта тексеруге болады.   Егер Сіздің өтініміңіз қанағаттандырылмаса немесе ішінара қанағаттандырылса, онда ақша/қалдық ақша банк картасына қайтарылады (егер өтінім  Tabys мобильді қосымшасы арқылы берілсе) немесе пошта аударымымен (егер өтінім «Қазпоштаның бөлімшесінде берілсе) қайтарылатын болады. Қайтарылу өтінімдер орналастырылғаннан/қанағаттандырылғаннан кейін, банк/пошта аударымы үшін комиссия сомасы ұсталып жүзеге асырылады. 

    • Қатысуға өтінімді Tabys мобильді қосымшасы/Қазпошта кеңселері/брокерлер/брокерлердің мобильді қосымшалары арқылы берген инвесторлар үшін акцияларды бөлуде/орналастыру бағасында айырма бола ма? 

      Жоқ, акциялары бөлу кезінде қандай әдіспен өтінім бергеніңіз маңызды болмайды; барлық өтінімдер тең  қаралады. Егер акцияларды сатушы мұндай шешім қабылдайтын болса, жергілікті бөлшек сауда инвесторлары үшін акция бағалары қалған халықаралық және (немесе) институционалдық инвесторларға арналған бағаларға қарағанда төмен болуы мүмкін (дисконт). 

    • Бұл құралдың шеңберінде қандай компаниялардың акциялары ұсынылатын болады? 

      ІРО/SPO-ға шығару жоспарланған акциялардың тізімін «Самұрық-Қазына» қоры Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп анықтайды. АІХ «тікелей жазылым» құралын өздерінің бағалы қағаздарын АІХ-те листингтейтін барлық компаниялар үшін, соның ішінде жеке компаниялар үшін де, олар акциялар мен облигацияларын орналастырған кезде ұсынуға әзір. 

    • Бұл құрал арқылы тек Самұрық-Қазына компанияларының акциялары ғана сатыла ма?

      Жоқ, «тікелей жазылым» құралы АІХ-те ІРО/SPO-ға шығатын барлық эмитенттер үшін қолжетімді болады.

    • Акцияларды сату кезінде Қазақстан азаматтары үшін қандай да бір жеңілдіктер бола ма? Қатысу мөлшеріне шектеулер бола ма?

      Орналастыру шарттарын, ықтимал жеңілдіктерді, инвесторға арналған минималды немесе максималды көлемді эмитент/сатушы акционер анықтайтын болады.

  • Акциялар туралы

    • Tabys мобильді қосымшасында өтінімді қалай беру керек? 

      Мобильді қосымшаны смартфонға жүктеп алып, тіркеуден өту және оған банк картасын бекіту керек, бұл шамамен бес минут уақыт алады. Сатушы (эмитент/акционер) ІРО/SPO-ға өтінімдер жинау басталғанын хабарласымен, тікелей жазылым опциясы қолжетімді болады. 

    • «Қазпошта» бөлімшелерінде өтінім беру үшін не керек? 

      Акцияларға тікелей жазылымды «Қазпошта» бөлімшелері арқылы рәсімдеу үшін, қолыңызда жеке куәлігіңіз, сонымен қатар акцияларды сатып алу үшін жеткілікті сома болуы керек. Жазылымға өтінімді «Қазпошта» операторы рәсімдейді.

    • Қаражат қалай алынады?

      Төлем банк картасынан өтініміңіз расталғаннан кейін бірден алынады. Қаражаттың бір бөлігі өтініміңіз толықтай қанағаттандырылмаған жағдайда қайтарылуы мүмкін.

    • Төлем қалай жүргізіледі? 

      Төлем өтінім берумен бір уақытта – «Қазпошта» бөлімшесінде кассаға ақша салу жолымен немесе  Tabys мобильді қосымшасына байланыстырылған банк картасымен жүзеге асырылуы тиіс.

    • Мен өз акцияларымды қашан аламын? Оларды қайда аламын? Менің акциялардың иесі екендігім растала ма? Олармен не істеуге болады? Мен оларды бірден сата аламын ба? 

      Компания/сатушы акционер қанағаттандыратын өтінімдер бойынша акцияларды орналастыру аяқталған соң, бағалы қағаздарды инвесторлардың AIX CSD - АХҚО биржасының Орталық депозитарийіндегі кастодиандық шоттарына есепке салу жүзеге асырылатын болады.   Инвесторлардың шоттары «Қазпошта» бөлімшелерінде «Қазпошта» АҚ операторының Tabys базасын пайдалануымен тіркеуі немесе тікелей инвестордың өзі Tabys қосымшасы арқылы тіркелуі процесінде ашылатын болады. AIX CSD-да әрбір инвестордың бағалы қағаздар сақтауға арналған өз меншікті шоты болады.  Инвестор AIX CSD-да ашатын шоттардың режимі шектеулі – бағалы қағаздарды орналастыру шеңберінде ғана сатып алуға, сол сияқты меншік құқығын ауыстырусыз брокердегі өз шотына аударуға болады. AIX CSD-дағы шот режимі қосымша бағалы қағаздар сатып алуға (жазылым аяқталғаннан кейін) немесе шотта сақтаулы бағалы қағаздарды сатуға нұсқаулардың болуын ұйғармайды. Сауда үшін инвестордың АІХ сауда мүшесі болып табылатын брокерде (тізімі www.aix.kz сайтында Сауда мүшелері бөлімінде қолжетімді)  шот ашып, сатып алуға/сатуға брокер арқылы нұсқаулар беруі қажет. 

    • Мен дивидендтерді қалай алатын боламын?

      Егер компания өз акционерлеріне дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайтын болса, олар инвестордың AIX CSD-дағы кастодиандық шотына түседі. Дивидендтер «Акциялар/облигациялар» бөліміндегі қолма-қол ақша шотына есептеледі. Болашақта инвестор қосымшада тіркелген банк картасына қаражатын аудара алады. Сондай-ақ инвестор түскен қаражатты қолма-қол ақша шотында тегін сақтай алады. Бағалы қағаздар брокердің шотына аударылған жағдайда, дивидендтер инвестордың брокердегі шотына есептелетін болады. 

    • Мен акционерлердің жиналысына қатысып, дауыс бере аламын ба? 

      Иә, компанияның акционері ретінде Сіздің оған толық құқығыңыз болады. Оны пайдалану үшін, Сіз компанияның өзімен байланысып, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін қажет құжаттар тізімін беруіңіз қажет. 

    • Менің жасым 16-да, мен ІРО/SPO-ға қатысқым келеді, мен мұны тікелей жазылым арқылы істей аламын ба? Сатып алған бағалы қағаздарды мен қашан сата аламын? 

      Тікелей жазылымды ата-ананың келісімі болған жағдайда, сонымен қатар жасы 16-ға толған кәмелетке жетпеген бала Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әрекетке қабілетті болып табылатын жағдайда пайдалануға болады.  Сатып алған бағалы қағаздарды саудалау мүмкіндігі ашылысымен бірден сатуға болады (бағалы қағаздарды брокердегі шотқа аудару шартымен).  

    • Неліктен IPO/SPO барысында алынған акцияларды Tabys-та бірден сатуға болмайды? 

      Акцияларды сатуға тыйым жоқ, мұны биржалықда жүзеге асыруға болады, ол үшін толыққанды брокерлік шот ашу керек. Инвесторлар «тікелей жазылым» шеңберінде Tabys қосымшасы арқылы ашатын кастодиандық шоттар негізінен бұрын инвестицияламаған және шектеулі режимі бар жаңа инвесторларға арналған (қосымша акция сатып алу немесе ІРО/SPO-дан кейін акцияларды сату мүмкіндігінсіз). Егер сіздің өтініміңіз қанағаттандырылып, акциялар сатып алар болсаңыз, одан әрі қарай сіздің брокерде шот ашып, акцияларды сонда аударуыңыз және оларды брокерлік шоттан сатуыңыз керек болады.

    • IPO/SPO барысында алынған акцияларды Tabys қосымшасы арқылы сыйлауға бола ма? 

      Қосымшада мұндай функция әзірге жоқ. 

    • Tabys арқылы тікелей жазылымға мемлекеттік қызметшілердің қатысуына бола ма?

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілер үшін бағалы қағаздар сатып алуға, сол сияқты олардың мемлекеттік қызметте болуымен байланысты бірқатар шектеулер белгіленген. Сонымен қатар бағалы қағаздар сатып алуға шектеулер сіздің еңбек шартыңызда белгіленген болуы да мүмкін. Осыған байланысты жұмыс орнындағы кадрлар бөліміне шектеулерге қатысты түсінік алу үшін қосымша өтініш жасауды және қажет болған жағдайда заңгерлік консультация алуды ұсынамыз.